1. Жалпы ережелер
1) Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер: "Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ақсуат ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ. Заңды мекенжайы Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ақсуат ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі, №2.
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
Білім беру саласында 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2024 жылы білім бөлімі және ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары 23 қызмет көрсетті;
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.
2023 жылмен салыстырғанда білім беру ұйымы 23 қызмет көрсетті;
Білім беру саласында ең көп талап етілетін мемлекеттік қызметтер:
«Құжаттарды қабылдау және балаларды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау»
«Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»
«Бастауыш, негізгі, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»
«Жалпы білім беретін оқу орындары арасында балаларды беру үшін құжаттарды қабылдау»
2. Қызметті алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат білім мекемесінің ресми интернет ресурсында орналастырылған, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ, ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта заңға тәуелді және құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталында жүзеге асырылады.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
2024 жылы Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ақсуат ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ БАҚ және әлеуметтік желілерде 0 тікелей эфир өткізді. Көрсетілетін қызметті берушілердің интернет-ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету бойынша жұмыс жүргізіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мектеп Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылады.
Сондай-ақ, білім беру мекемесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 24 мемлекеттік қызмет қолжетімді.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс шаралар.
Білім мекемесінде қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 1 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыш қызмет атқарады.
4. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.
Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылығын және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында 2025 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
2025 жылы жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.