«Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ақсуат ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная школа села Аксуат отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жалпы мектепішілік ата-аналары жиналысының хаттамасы № 4

12.04.2021

«Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ақсуат ауылының жылпы білім беретін мектебі» КММ

 (білім беру ұйымының атауы)

 

Жалпы мектепішілік ата-аналары жиналысының   хаттамасы № 4

 

Өткізілген күні 07.03.2021  (жылы, күні, айы )

Қатысқандар: 22 (тізім қоса тігіледі)

Күн тәртібі:

1. Тыңдалды:

1. Қаралған мәселенің атауы.

- «Отбасындағы ат-ананың рөлі» тақырыбымен директордың ТІЖО Туребаева А.П.

- «Өз-өзіне қол жұмсау және отбасындағы зорлық зомбылықтың алдын алу мәселесі» бойынша мектеп психологы Хопаш Ж.

- «Кибербуллинг, лудомания мәселелері және ата-аналарға үйдегі интернет бойынша кеңес беру» мектептің информатика пәні мұғалімі Сулейменов Ж.Б.

2.Сөйлегендер:

1. Туребаева А.П. директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ата-аналарды күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып өтті және қандай мұғалімдер сөз сөйлетінідігі жөнінде айтып өтті. Туребаева А.П. өз сөзінде «Отбасында ата-ананың рөлі» тақырыбында презентация көрсетіп, ата-аналардың отбасындағы рөліне тоқталып, ата-аналарға кеңестер берді. Мектеп – ата-ана – оқушы байланысын айтып өтті.

2. Хопаш Ж. мектеп психологы «Өз-өзіне қол жұмсау және отбасындағы зорлық зомбылықтың алдын алу мәселесі» тақырыбы бойынша презентация көрсетіп, өз-өзіне қол жұмсау қайдан келіп шығатындығ жөнінде және отбасындағы зорлық зомбылықтың салдары туралы айтып өтіп, ата-аналарға кеңес беріп өтті.

3. Сулейменов Ж.Б. информатика пәні мұғалімі «Кибербуллинг, лудомания мәселелері және ата-аналарға үйдегі интернет бойынша кеңес беру» тақырыбында түсініктеме беріп өтті. Презентация көрсетіп, кибербуллинг, лудомания не екендігі жөнінде айтып өтіп, үйдегі интернетті қалай пайдалану керектігі жөнінде бірқатар кеңестерді айтып өтті. Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

3. Қаулы етті:

  1. Аталған мәселе бойынша шешім. Ата –аналар мектеппен тығыз байланыста болып, балаларға қолдау көрсетсін.
  2. Аталған мәселе бойынша шешім. Ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмасын және айтылған кеңестерді назарда ұстасын.
  3. Аталған мәселе бойынша шешім. Үйдегі интернет бойынша берілген кеңестерді назарда ұстасын.

Төраға                Туребаева А.П.  (Т.А.Ә.(болған жағдайда)

Хатшы                Скакова Г.Ж. (Т.А.Ә.(болған жағдайда)

 

Просмотров: 637


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст