«Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ақсуат ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная школа села Аксуат отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Психологтың жылдық есебі.

20.06.2017

                      

                                                    

                                                                   

                   «Ерейментау аудандық білім   бөлімі» ММ бастығы

                                                                  М.Абжиковқа

 

 

               «Ақсуат орта мектебі» КММ мектеп

жантанушысының 2016-2017 оқу жылындағы  жүргізген

жылдық  іс-шаралар есебі

 

Диагностикалық

жұмыстар

1 сынып оқушылардың

психоэмоционалдық зерттеуінің және мектепке бейімделу (Керн Йарасик) тесті

жүргізілді, нәтижесі төмендегідей:

Қатысқан оқушы саны: жалпы 16

Әдістеме: сынып оқушыларының мектепке оқуға дайындық

деңгейін анықтау мақсатында алынды. Бұл берілген тәсілдің ерекшелігі: баланың

дара дамуын, баланың мектепке жылдам бейімделуін,баланың жеке сапалық

қасиеттерінің белсенді даму деңгейін анықтау болып табылады.

Нәтижесінде:

1 «А» сынып бойынша 8 оқушы қатысты. 2(25 %) оқушының

жоғары деңгейді, 6 (75 %) оқушының орташа деңгейді,

1 «Б»сынып бойынша 8 оқушы қатысты. оқушының 2(25%)

жоғары деңгейді, 5(62.5 %) орташа деңгейді, 1(12.5 %)- төмен деңгейлі нәтиже

көрсетті.

12 қыркүйекте 9 «Б» сынып оқушыларына «Кәсіп таңдаудың

түрлері» сараптамасы жүргізілді. 

Сауалнамаға 5 оқушы қатысты.

Мақсаты: оқушылардың ішкі немесе сыртқы қызығушылықтарына

кәсіптік типтерін таңдау.

Нәтижесінде:

4 оқушының (80%) өздерінің  ішкі түйсіктеріне сүйене кәсіп таңдағаны, 1

оқушыда (20 %) сыртқы түйсігіне сүйене кәсіп таңдағаны анықталды.

20 қыркүйекте 5

«А» сынып оқушыларына «Мектептегі сенім» (Лусканова ) сауалнамасы алынды. Бұл

тестті алудағы мақсат баланың оқу мотивациясын, мектепке көз-қарасын анықтау.

Сауалнамаға 3 оқушы қатысты.

• Мектепке деген ықыласы жоғары, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасқа

көңілі толатын жақсы көзқарастағы балалар – 70%

• Бала мектепке қызығып келеді. Бірақ мектеп оны оқу процесінен басқа

жақтарымен қызықтырады. Мектебін жек көрмейтін орташа көзқарастағы балалар. Бұл

балалар мектепке сыныптастарымен ойнау үшін де келеді -30%

• Мектепті жек көретін, мектепке қызығушылығы жоқ төменгі көзқарастағы балалар

–жоқ.

Сондай-ақ 5 «Б»

сыныбына жалпы мектепке деген мазасыздық белгісін анықтау мақсатында Филлипс

жүйесі бойынша тестілеу жүргізілді.

Тестілеуге 7

бала қатысты.Нәтижесі көрсеткендей мектепке бейімсіздік шкаласы бойынша жоғары

көрсеткіш байқалмайды. 1(14,3%)оқушыда орташа мазасыздығы анықталды, сол

оқушылармен түзету дамыту жұмыстары жүргізілді.

6 қазан күні

2-3-4 «А»  оқушыларының есту арқылы есте

сақтау қабілетін анықтау мақсатында сараптама жүргізілді. Сараптамаға 14 оқушы

қатысты. Нәтижесінде:

 

50 % оқушының

есте сақтау қабілеті жоғары,50  % оқушының

есте сақтау қабілеті орташа  деңгей  көрсетті.

 Осындай 

төмен деңгей көрсеткен оқушылармен дамыту- түзету жұмыстары жүргізілді.

5-11  сынып оқушыларына «Сені мазалап жүрген

сұрақтар барма?» деген тақырыпта сауалнама жүргізілді. Сауалнаманың нәтижесі

көрсеткендей оқушыларды мазалап жүрген сұрақтар жоқ, оқуға қызығушылық

танытады.

Мұғалімдерге

оқушылардың бейімделу кезеңі, жас ерекшелігі  туралы кеңестер берілді.

10 қазанда  3 «Б» сынып оқушыларына «Социометриялық

карта» сараптамасы өткізілді.

Сыныпта (100%)

балалардың қарым-қатынасы жақсы, олшақтанып қалған бала жоқ.

5 «Б»сынып

оқушыларына пәндерге деген көз-қарасын анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді.

Оқушыларға

көбінесе математика, информатика, ағылшын тілі, орыс тілі пәндері ұнайтыны

анықталды.

29 қазан күні

10 «А ,Б» сынып оқушыларына «Сыныптың психологиялық ахуалы» сауалнамасы алынды.

Нәтижесі

: сыныптың психологиялық ахуалы

, балалардың бір-бірімен, мұғалімдермен қарым-қатынасы,мектепке деген

көз-қарасы өте

жақсы.

29 қазанда 9-11 «А» сынып оқушыларына  Басса Дарка сауалнамасы  жүргізілді.

Мақсаты: ашушаңдықтың қандай түрі барын анықтау.

Сауалнамаға 11 оқушы қатысып, нәтижесі төмендегідей:

8 (72,7 %) оқушыда агрессияның жоғары деңгейі анықталған

жоқ, 3 (27,3 %) оқушыда агрессияның негативизм түрі анықталды.

Жеке әңгімелесулер жүргізілді, өзін-өзі дұрыс бағалауға,

өз-өзін қалай басқа

руға кеңестер берілді. 

Қараша айының  9

күні 5 «А» оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін анықтау мақсатында   сараптама жүргізілді, нәтижесі төмендегідей:

1 оқушы (33,3 %)  зигзаг фигура, 1 оқушы (33,3 %) үшбұрыш, 1

оқушыда (33,3 %) шаршы фигурасын таңдады.

Қорытынды: балаларға 

тұлғалық типі және ерекшеліктері туралы толық сипаттама берілді.

Қараша айының 19 күні 7-11 сынып оқушылары арасында ИСН

сауалнамасы  жүргізілді.

Мақсаты

: оқушылардың депресиялық және

жүйке-жүйе жағдайын, сонымен қатар қарым-қатынас деңгейін анықтау.

Нәтижесі:

өте жоғары депрессия және

жүйке-жүйе жағдайы, өз-өзіне қол жұмсауға бейім фактілер  анықталмады.

Тек «11 с» 1 балада (16,7% ) ортадан жоғары депрессия

белгісі,  «8 с» 1 балада (9 %)ортадан

жоғары деңгейде жүйке-жүйелік жағдайы анықталды.

 

 

Кеңестер:  жеке

және топтық әңгімелесулер, сынып ұжымын бірлестіретін тренингтер

жүргізу,өзін-өзі бағалауды жоғарылату, өз-өзін басқаруды үйрену.

23 қараша күні 7-11 сынып оқушыларына Зорлық-зомбылық

туралы сауалнама жүргізіліп,18 бала қатысты. Нәтижесі төмендегідей:

 Зорлық

-зомбылық  жыл сайын көбейіп

жатырма?  -100% жоқ деп жауап берді.

 Өзіңіз  мектебіміздегі зорлық-зомбылықтың куагері

болып көрдіңіз бе?деген сұраққа - 100 % жоқ;

 Мектептегі

зорлық-зомбылыққа көз-қарасыныз қандай? деген сұраққа

100 %  толықтай

қарсымын.

Мектептегі балаларға күш көрсету қандай мақсатпен

істеледі деп ойлайсыз?

-61,1 %  өзінің

күшті екенін көрсету үшін;

-38,9 %  басқа

істейтін ісі болмағандықтан.

23 желтоқсан күні 7-11 сынып оқушыларына «Өмірде жоқ

жануар» тесті жүргізілді.

Тестілеудің нәтижесі көрсеткендей өз-өзіне қол салуға

бейім тұлғалар анықталған жоқ. Өз-өзіне сенім, өзімді өзім басқара аламын

тақырыбында кеңестік жұмыстар жүргізілді. Арттерапиялық жұмыстардың нәтижелері

жазылды.

 23.12.2016 ж  9-11 сынып оқушыларына А.Е. Голомштоктің  «Қызығушылық картасы» сауалнамасы алынды.

Мақсаты: оқушылардың пәндерге ең жоғары қызығушылығын анықтау.

Сауалнамаға жалпы 17 бала қатысып, нәтижесі төмендегідей:

11,8 % - химия және биология;

47% - физика және математика;

58,8 % - спорт және әскери жұмыс;

29,4 %-әдебиет және өнер:

17, 6 %- география және геология;

29,4 % - тарих және саясат;

52,9 % - кәсіпкерлік және үй шаруашылығы;

«Ақсуат орта мектебі» КММ де

ерте жыныстық қатынастың зияны

туралы 

төмендегідей іс-шаралар өткізілді:

8-11 сынып оқушыларынан жыныстық қарым-қатынас туралы  ақпарат алу

мақсатында анонімді түрде сауалнама алынды. Сауалнамаға

21 оқушы

қатысты.Сауалнаманың қорытындысы бойынша  8-11 сынып қыздары және

ұлдары 

арасында  «ерте жыныстық қатынастың

зияны  және де гигиен

талаптары» тақырыбында 

жеке әңгімелесу, кеңестік жұмыстар жүргізілді.

18 қаңтар күні 

7-11 сынып оқушыларынан Т.И. Балашованың сауалнамасы алынды.

Мақсаты: оқушылардың депрессия күйін немесе жағдайын анықтау.

Сауалнаманың қорытындысы бойынша жоғары депрессиялық күй

оқушыларда байқалмады.

 

«Ақсуат орта мектебі» КММ бойынша 7-11 сынып оқушыларының

өз-өзіне қол жұмсау фактілерін анықтау мақсатында сауалнама алынды. Сауалнама 4

шкаладан тұрады, яғни шынайылық, депрессия, жүйке жүйе күйзелісі және

қарым-қатынас.

Жалпы сауалнамаға 37 оқушы қатысты. Нәтижесі

төмендегідей:

Жоғары деңгейдегі депрессия және жүйке жүйе күйзелісі -5 %,

орташа деңгейдегі көрсеткіш – 40-50 %, төмен 

деңгей- 45-55% анықталды.

4-9-11 сынып оқушыларына қаңтар айында зейін тұрақтылығын

шоғырландырушы «Мюнстенберг» әдістемесі өткізіліп,

нәтижесі төмендегідей:

9 сынып оқушыларының зейін тұрақтылығы орташа деңгейде;

11 сынып оқушыларының зейін тұрақтылығы жоғары деңгейде.

5-11 сынып оқушылары арасында қандай интернет сайттарына

кіретіні, қандай ойындарды көшіріп алатыны, жалпы интернетпен байланысын

анықтау мақсатында анонимді сауалнама алынды.

Сауалнамаға 51 бала қатысты,  нәтижесі төмендегідей:

Оқушылардың 47% -ы В контактысында  және Инстаграмм  желісінде

отыратындығы анықталды.

Интернеттен қандай ойындарды ойнайсың? –сұрағына

Клаш оф гланс – 22 % -і

Әр түрлі – 43 % -і

Ешқандай ойын ойнамайды-35 % 

Үнемі оқушылардың мінез-құлқындағы күрт 

өзгерістері және эмоционалдық жағдайы бақыланып, қадағаланып отырылады.

11 наурыз 

күні  8-11 сынып оқушыларынан  Беканың депрессия шкаласы  сауалнамасы алынды.

Мақсаты: оқушылардың депрессия күйін немесе жағдайын анықтау.

Сауалнамаға  жалпы 28 бала қатысты, нәтижесі төмендегідей;

Сауалнаманың қорытындысы бойынша орта

және жоғары депрессия көрсеткіші байқалмады.

5 «Б» сынып оқушыларына  мазасыздық жағдайын анықтау мақсатында  «Кактус» әдісі жүргізілді.

Сауалнамаға  4 оқушы қатысты, нәтижесі төмендегідей:

2 оқушыда мазасыздық белгісі бар.Жалпы

мазасыздықтан арылудың жолдары туралы арттерапиялық  және кеңестік жұмыстар жүргізілді.

Мектепалды даярлық 

тобы  балаларының таным үрдістерін

дамуын зерттеу мақсатында  0 «А» сыныбы оқушыларымен жұмыс жүргізілді. Нәтижесі:  

6 балада таным

үрдісі – орташа деңгейде:

1 балада –

төмен деңгейде;

1 баланы ден-

саулығына байланысты ПМПК ға жіберуге ұсынылды.

11 сәуір күні 0 «Б»

даярлық тобы тәрбиеленушілеріне   Керн -Иерасик сауалнамасы жүргізілді.

Мақсаты:

Баланың мектепке даярлығын

анықтау

Қорытынды: 4 оқушыда мектепке даярлығы  жоғары деңгейде.

 

0 «А» даярлық  тобынан алынған сауалнаманың нәтижесі

төмендегідей:

Қорытынды:  8  оқушыда мектепке даярлығы   жоғары деңгейде,  2 оқушыда орташа деңгейде.

17 мамыр күні 11 «А» сынып оқушыларына «Стресс- тест»

сауалнамасы өтті.

Мақсаты: оқушылардың мазасыздық деңгейін анықтау.

Қорытынды:сынып жетекшісі қорытындымен танысты,қорытындылай келе 1

оқушыда жоғары деңгей,1 оқушыда ортаңғы деңгей, 1 оқушыда төмен деңгей

мазасыздық бар. Жоғары мазасыздығы бар оқушымен кеңес және арттерапиялық

жұмыстар жүргізілді.

Мамыр айында 5- 9- 10 сынып оқушыларына геометриялық тест

сараптамасы жүргізіліп, нәтижесі хаттамаға жазылды.

Мақсаты: тұлғаның  жеке

қасиеттері мен ерекшеліктерін анықтау

20 мамыр күні 5-6-7 «А» сынып оқушыларына «Сізді

толғандырып жүрген сұрақтар»  сауалнамасы

жүргізілді.

Мақсаты

: өмірге деген көз-қарасын,

мазасыздық күй-жайын анықтау

Қорытынды: өмірге көз-қарасы оңтайлы, мазасыздық

белгілері анықталмады.

Ата-аналармен

жұмыстар

10 қыркүйек күні 1-5 сынып оқушыларының бейімделу

процесіне байланысты ата-аналар жиналысы өткізілді.

Мақсаты: 1-5 сынып оқушыларына бейімделу процессіне байланысты

ата-аналарына психологиялық көмек көрсету.

Жиналысқа 20 ата-ана қатысып, оларға  1-5 сынып оқушыларының бейімделу кезеңінде қандай

қиындықтар пайда болатыны туралы айтып өтілді. Ата-аналарға  өз балаларына калай көмек, қолдау көрсету

керек екендігі туралы кеңестер және жаднамалар таратылды.

Желтоқсан айында жалпымектепішілік ата-аналар  жиналысында «Суицидтің алдын-алу жолдары»

тақырыбында баяндама оқылды.

Дамыту-түзету

жұмыстары

1сынып оқушыларының жаңа ортаға бейімделуіне

психологиялық қолдау көрсету үшін танымдық процесстерді дамыту, балаларға

бір-бірлерімен және ересектермен өз-ара қарым-қатынас жасауға көмектесу,

жағымды ахуал

қалыптастыру мақсатында бірінші сынып оқушыларының мектепке

бейімделу деңгейін арттыруға бағытталған тренинг-сабақтар өткізілді.

Тренинг барысында баланың мектепке бейімделуіндегі

қиындықтарды жеңу, қысымнан арылу, өз ойын білдіру іскерлігін дамытуға

бағытталған жаттығулар

жүргізілді.Тренинг- сабаққа әр сыныптан 8 баладан 16

бала  белсене қатысты, олшақтанып қалған

балалар жоқ.

21 қыркүйекте

1-4 сынып оқушыларының ойлау қабілеттерін дамытушы жаттығулар өткізілді.

Бастауыш сынып

оқушыларына «Бақытты балалық шаққа құқықтымыз» атты тренинг-әңгімелесулер

жүргізілді.

 

 

Тренингке 14(100%)

 бала  жақсы қызығушылықпен қатысып, өз ойларын

ортаға салды.

 Наурыз айында  9-11 сынып оқушыларына  «Стресске қарсы жаттығулар » тақырыбында

тренинг сабақ өткізілді.

Мақсаты: Оқушылар өз сезімдерін басқара алады, стресс

және оны жою тәсілдерін біледі.

Берілген 

жаттығуларды күнделікті жасау арқылы 

оқушылар торығудан және күйзелістен  

арылудың жолдарымен танысты.

Үнемі оқушылармен жекеше және топтық жұмыстар

жүргізіледі.

 Мамыр айында оқушыларға «Өз жұлдызыңды тап»

тақырыбында тренинг- сабақ жүргізілді.

Мақсаты: емтиханға әзірленудің тиімді әдіс-тәсілдерін қолайлы

формада жеткізу; Адамның ойлаған ойы мен алдына қойған мақсатына жету жолын,

онда кездесетін қиындықтарды жеңу жолдарын түсіндіру.

Балалар өз

ойларын ортаға салып, тренингке белсене қатысты.

17 сәуірде 6 «А»

сынып оқушыларына «Сенімділік күш береді» тақырыбында тренинг жүргізілді.

Мақсаты: Оқушылардың  сенімділігін,

мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру,

оқу-танымдық қабілеттерін арттыру.

Балалар өз

ойларын ортаға салып, тренингке белсене қатысты.

Алдын-алу жұмыстары

 «Ақсуат орта

мектебі» КММ  29 қараша күні 6-11 «А»

сынып оқушыларына «Сен өмір кереметсің» тренинг-сабақ  жүргізілді.

Қорытынды: Оқушылар өмір туралы 

өз түсініктерін ортаға салып ой тастады. Сондай-ақ өмірдің мақсатына

қарай жемісі болатынына көз жеткізіп,өмірдің ақ-қарадан тұратынын, онда

кездесетін қандайда бір қиыншылықтарға мойымай, күресе білу керек деген

тұжырым-түйіндемеге келіп, 

бір-бірлерінің жақсы қасиеттерін айтып сабақты аяқтады. Шығармашылық

жұмыс аясында оқушылар «Өмір мен сені сүйемін» тақырыбында эссе жазды.

Өзін-өзі тану сабағында 7-11 сынып оқушыларына ерекше қыз

балалармен «ерте жыныстық қатынастың зияны» туралы  жеке және топтық түрде әңгімелесулер

жүргізіліп, видеороликтер көрсетілді .

Әр тоқсан сайын

мектепішілік есепте тұрган балалардың үйлеріне рейд жүргізіліп, ата-аналармен

балалардың мектептегі тәртібі мен сабаққа үлгерімі,

қатысуы туралы

әңгімелесулер жүргізілді. Сабақты көп босататын балалармен және мектепте

тәртібі төмен балалармен жеке әңгімелесулер өткізілді.

5.12.2016 ж  5-11

сынып оқушыларына «Жаман көңіл-күймен қалай 

күресуге болады» тақырыбында тренинг өткізілді.

Мақсаты: өз-өзіне талдау жасауға үйрету,топта жағымды жағдай

жасау, жағымсыз көңіл-күйден арылу, өзін адекватты ұстауға үйрету.

Тренингке балалар жақсы ықыласпен қатысып, өз ойларымен

бөлісті. Олар тренинг барысында бір-бірлеріне жылы лебіздерін айтты,

көңіл-күйлерін

 

түстермен әспеттеді,өздерінің жағымсыз көңіл-күйлерін

парақ беттеріне жазып, қоқыс жәшігіне тастады. Тренинг соңында жүрекшелерге

тілектерін жазып, қолдары арқылы 

бір-бірлеріне алған әсерлерімен бөлісіп тренингті аяқтады.

Қаңтар  айының   5-6 

күндері  мектебімізде   мектепішілік есепте тұрған     балалардың тұрмыс жағдайын, бос

уақыттарының өткізілуін  және айналысып

жатырған жұмыстарын білу мақсатында үйлеріне рейд жүргізілді.  Рейдтік жұмыстар бақылау дәптеріне жазылды.

Кеңестік

жұмыстар

Ата-аналармен әр-түрлі тақырыптар бойынша кеңестік

жұмыстар жүргізілді.

Ата-аналармен тығыз байланыс орнатылып, әр түрлі тақырып

бойынша жиналыстарда түсіндірме және кеңестік жұмыстар жүргізілді.

8-11 сынып оқушыларына ерте жыныстық қарым-қатынастың

зияны туралы баяндама оқылды. Ерте жыныстық қатынастың әсерінен пайда болатын

аурулар туралы  ақпарат алды.

7-11 сынып қыздарына топтық жұмыс жүргізіліп, «Талая

вода» видеоролігі көрсетіліп, талдау жұмыстары жүргізілді.  

Мектеп медбикесімен бірлікте қыздар тобымен «гигиена

талаптары» тақырыбында  жеке әңгімелесу,

кеңестік жұмыстар жүргізілді.

Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізіліп, қазіргі

таңдағы интернет желісіндегі қауіпті ойындар туралы жасөспірімдерге көмек

тақырыбында ата-аналарға кеңестік және түсіндірме жұмыстар жүргізілді. 

Сәуір  айларында 11

сынып оқушыларымен ертегі терепиялары жүргізіліп,ҰБТ- ге психологиялық тұрғыдан

дайындау мақсатында тест орындаудың сәттілігі үшін қажет жадынама берілді.

4-9 сынып оқушыларына ОЖСБ сынақ кезіндегі даярлық жұмыстары туралы  кеңестер берілді.

 

 

 

 

«Ақсуат орта мектебі»

 КММ директоры                                       

Т.Стекольщикова

 

 

 

 

 

   

Орындаған: педагог-психолог Базарбаева Ж.Т.

   

Тел: 5-38-33

Просмотров: 3943


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст