«Отбасы алтын ордам» атты отбасы клубының жоспарына сәйкес желтоқсан айында «Аулада Жаңа жыл» суреттер сайысы, «Отбасы және бала» әңгімелесу, «Отбасылық оқу» іс-шаралары өткізілді. Карантиндік шараларға байланысты барлық іс-шаралар қашықтық форматында өткізіліп келеді. Отбасылық клуб отбасы мен білім беру ұйымдарының әлеуметтік әріптестігін жандандыру үшін құрылады.Отбасылық қарым-қатынас клубы-бала тұлғасын қалыптастыру үдерісінде ата-аналар мен педагогтардың өзара іс-қимылының тиімді дәстүрлі емес түрі.Ата-аналар мен педагогтардың сауатты өзара іс-қимылы ерекше өзектілікке ие.Отбасы-балаға әлеуметтік-тарихи тәжірибені, эмоционалдық және іскерлік қарым-қатынас тәжірибесін берудің маңызды буыны.Ата-аналар отбасының жеке тұлғаны қалыптастыру үдерісіне қандай үлес қосатынын, білім беру ұйымының білім алушылардың білім деңгейіне, тәрбиесіне қойылатын талаптары қандай екенін түсінуі тиіс.