«Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ақсуат ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная школа села Аксуат отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Наурыз айында тәрбие жұмысы бойынша өткізілген іс-шаралар жөнінде ақпарат

06.04.2022

 

«Ақмола  облысы білім басқармасының  Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ақсуат ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Тәрбие жұмысы бойынша өткізілген іс-шаралар жөнінде ақпарат

Наурыз айы 2022 жыл

 

Мектептің тәрбие жоспарына сәйкес наурыз айында бағыттар бойынша төмендегі іс-шаралар өткізілді.

Тәрбиені нормативтік құқықтық қамтамасыз ету бағыты бойынша «Мен және заң» тақырыбы бойынша түсіндіру сабақтары өткізілді.

         

1 Наурыз Алғыс айту күніне орай сынып сағаттары өткізілді. Іс-шаралар жоғары деңгейде өтті. Сынып жетекшілері мен оқушылар белсенді тұрде қатысты.

      

8 Наурыз Халықаралар әйелдер күніне орай «Аяулы анашым» тақырыбында сынып сағаттары жоғары деңгейде өткізілді.

22 Наурыз мерекесіне орай мектепте «Әз-Наурыз» атты мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Наурыз мерекесіне арналған тәрбие сағаттары өткізілді. Наурыз мерекесін тойлауға арналған апталық жоспары жасалып, бекітіліп жоспарға сәйкес іс-шаралар өткізілді. Қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен ұлттық ойындары тәрбие сағаттарында көрсетілді. Барлық сыныптар белсене қатысты. Өткізілген барлық іс-шаралардың фотосуреттері мектептің сайттарында жарияланды.   

Әлеуметтік-психологиялық қызметпен өзара іс-қимылды ұйымдастыру бағыты бойынша Ерте жүктіліктің алдын алу бойынша мектеп медбикесі Матякупова Г.Д. мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Туребаева А.П. 7-10 сынып оқушылары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді және жиналыстар жасады. Осы тақырып бойынша сынып жетекшілеріне нұсқама беріліп, сынып жетекшілері оқушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мектепте қолайсыз отбасылардың үйлерін сынып жетекшілері мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Туребаева А.П. аралап, үй –жай актілері жасалынды.  Қолайсыз отбасылардан шыққан мектептің тәуекел тобында барлығы 7 бала бар.

 

Жаңа қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие бағыты бойынша «Туған жер» бағдарламасы бойынша мектеп кітапханашысы Камышева С.С. «Туған жер көріктен, әдемілен» атты кітапхана сабағын өткізді.

      «Сыбайлас жемқорлықты тоқтат!» сурет көрмесін мектеп аға тәлімгері Кейм В.С. ұйымдастырды.

«Адал ұрпақ» клубының жетекшісі Самархан Е. клубтағы оқушылармен оқушылармен «Қазақстанның киелі жерлері»  тақырыбымен тәрбие сағатын өткізді.

Ұлттық тәрбие  бағыты бойынша «Біз Наурызды қарсы аламыз» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.  Сынып жетекшілері сынып оқушыларына Наурыз мерекесінің  тарихы жөнінде түсінік берді. «Көрісу күніне» сынып сағаттары өткізілді.

       Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Туребаева А.П.-ның нұсқаулығы бойынша қашықтық форматында  «Балаларға қатыгездік көрсету. Бұл не?», «Баланың құқығы бар...» тақырыптарында сынып жетекшілері жеке және топтық әңгімелер ұйымдастырылды.

Тоқсан қорытындысы бойынша сынып жетекшілері ата-аналар жиналыстарын жасады және оқушылармен ата-аналармен қауіпсіздік техника ережелері түсіндіріп, әңгіме жүргізді. Ата-аналар жиналысы хаттамалары жасалынды.

Еңбек экономикалық,  және экологиялық  тәрбие  бағыты бойынша "Ерте жастан басталатын экологиялық мәдениет" жобасы аясында Экологиялық білім беру бойынша «Құстар біздің досымыз» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.

     

Шығармашылық шеберхана – алтын қаламдар «Анаға ең жақсы сыйлық»  өзін-өзі басқару ұйымы өз жұмыстарын жалғастырып, оқушылардың ата-аналарына әдемі сыйлықтар жасалынды.

    Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі  бағыты бойынша Мектеп кітапханашысы  «Оқу жазбалары» тақырыбында кітапхана сағатын өткізді және буккроссинг «Кітап білім бұлағы» тақырыбында өткізді.

     

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында қазақтың ұлттық және халық ойындары  өткізілді.

    

 

Қауіпсіз мектеп бағыты бойынша 1 наурыз – Азаматтық қорғаныс күніне арналған танымдық сағаты өткізілді.

 Сынып жетекшілері Қар еріген кездегі қауіпсіздік техникасы және тәртіп ережелері және көктемгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері  жөнінде оқушыларға түсіндіріп, нұсқаулықтар өткізді.

                  

Мектепте барлығы 7 оқушы тәуекел тобында тұрады, сынып жетекшілері тарапынан қолайсыз отбасыларға барып үй жағдайларын тексеру актілері жасалынды.

Өткізілген іс-шаралардың фотосуреттері мен скриншоттарын мектептің әлеуметтік желілеріне жарияланды.

Просмотров: 524


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст